«Абай –дара, Абай-дана қазақта »

Автор: bestobe_mektep от 11-04-2019, 04:04, посмотрело: 20 075

45 «Бестөбе орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 
            2019 жылдың 10 сәуірінде  мектепішілік  «Абай –дара, Абай-дана қазақта » атты конференция сабақ өтілді. Сабаққа 5-7 сынып білім алушылары қатысты. 
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. 
Сайыс үш бөлімнен тұрды 
І бөлім «Кім көп біледі? » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу. 
ІІ бөлім «Білгің келсе алдымен, зертте мені» Бұл бөлімде білім алушылар  Абайдың 45 қара сөзінен біреуін жатқа айтып, оның мағынасын түсіндіріп беруі керек. 
ІІІ бөлім «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» жас дарындылар өз сезімдерін жырмен жеткізуге талпынды. 
       Білім алушылар ақын өмір жолы, шығармашылық еңбектері туралы компьютерлік таныстырылыммен таныстырылды. 
Білім алушылар Абайдың шығармаларын мәнерімен нақышына келтіріп оқыды. Қара сөздері философиялық ойдың тереңдігін және әдеби сөздерді қолданудың үздік үлгісі екені айрықша айтылды. 
     Сабақ  қорытындысы бойынша  5-7-8 сынып оқушылары белсенділік танытты.

 

«Абай –дара, Абай-дана қазақта »

 

«Абай –дара, Абай-дана қазақта »

 

«Абай –дара, Абай-дана қазақта »

 


Категория: Ақпарат

 

«22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

Автор: bestobe_mektep от 1-04-2019, 07:06, посмотрело: 34 492

228  
            Мектеп бойынша лездемеде «Ұлыстың Ұлы күні, Наурыз» мейрамына байланысты «Ұлы дала еліне» саяхаттау мақсатында мерекелік іс-шаражоспары жасалып бекіттірілді.Наурыз мерекесі іс-шарасы бойынша  ауыл –ауылға бөлініп, «Рухани жаңғыру» аясында «Ұлы дала еліне» саяхаттау барысында мектептегі «Балапан» шағын орталығы «Қызғалдақ пен алма» ауылы ата-аналар сайысымен «Бесікке бөлеу» салтын көрсетсе, 1-4 сыныптар арасында (Атқа міну), «Сәйгүліктер» ауылы «Атқа міну» әдісін насихаттай отырып, «Тұсау кесу» салт-дәстүрінен көрініс көрсетіп ән-билерін  шашу етті, ал 5-7  сыныптар  «Ұлы Жібек жолы» ауылыН.Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау барысында, ұлттық билермен әндер айтылып «Сүндеттеу» салтын көрініс көрсетті, 8-11 сыныптар «Алтын адам» ауылына саяхаттап, салт –дәстүрлерден көрініс көрсетіп, ұлттық тағамдар,наурыз көже таратылып ата-аналармен оқушылар белсене қатысты.Мереке барысында ұлттық ойындар,атап айтсақ «арқан тартыс, асық ату,  қол күрес, қазақша күрес» ойнатылып  жеңімпаздар марапатталды.
«Ұлыстың – ұлы күні» тақырыбында  Наурыз тойы тойланып мерекелік концерт қойылып қонақтар ризашылығын білдірді.

«22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

 

«22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

 

«22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

 

«22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

 

Категория: Ақпарат

 

"Қыз-ұлт болашағы"

Автор: bestobe_mektep от 9-03-2019, 20:25, посмотрело: 4 100

38 "Бестөбе орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 5-10 сынып аралығында көктем аруы байқауы болып өтті. Байқау төрт кезең тұрды. Таныстыру, қол өнер, ас мәзірі, және киім үлгісі. Әділқазы алқалары әділ бағаларын беріп бағалады. Атап айтсақ 8 сынып оқушысы Әбеу Аружан бас жүлдені жеңіп алса, 7 сынып оқушысы Амангелді Мархабат, Нұрдан Балауса, Қанатқызы Дианалар  ізденімпаз, өнерлі, сымбатты номинацияларды жеңді. 

[attachment=1]

 

"Қыз-ұлт болашағы"

 

"Қыз-ұлт болашағы"

 

"Қыз-ұлт болашағы"

 

"Қыз-ұлт болашағы"

 

 

Категория: Ақпарат

 

"Алғыс айту" күні

Автор: bestobe_mektep от 22-02-2019, 06:33, посмотрело: 4 840

38  
 
«Бестөбе  орта   мектебі    мектепке  дейінгі   шағын   орталығымен»    коммуналдық  мемлекеттік мекемесі бойынша  жоспарға сәйкес 1-наурыз «Алғыс айту » күніне орай  іс- шара жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілді. «Алғыс айту » күні- мерекесімен құттықтай отырып   «Алғысымыз шексіз!» атты тақырыпта бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен  мерекелік концерт өткізілді.  
 .
        
 

"Алғыс айту" күні

 

"Алғыс айту" күні

 

Категория: Ақпарат

 

Мұқағали ізімен

Автор: bestobe_mektep от 18-02-2019, 11:10, посмотрело: 2 846

8 «Бестөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша
 
 
 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»мақаласы. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, Мұқағали айлығының өткізілу барысында  «Мұқағали ізімен...» атты 5-10 сыныптар арасында жарыс сабақ өтілді. Әр сыныптан қабілеті бар, сөздік қоры мол оқушылар қатыстырылды.   Атап айтсақ 5 сынып оқушысы Төленді Нұртілеу, 6-сынып Қалиахмет Ернияз, 7-сынып  Сатыбалды Талшын мен Сәрсенбай Қаламқас, 8- сынып Есмағанбет Ағнұр және Бақберген Ақниет, 10-сыныпта Мәлік Ернат. Жарыс сабақ мына кезеңдерден өтті: таныстыру, ақын өлеңін мәнерлеп оқу және өз шымығармашылығы(арнау өлеңдері).  Сабақ мәнді әрі қызықты өтті. Сабақ соңында жеңімпаз атанған  оқушыларды  мадақтамамен марапатталып, сыйлықтар берілді.

Мұқағали ізімен

 

Мұқағали ізімен

 

Мұқағали ізімен

 

Категория: Ақпарат

 

Ибалы ұл, инабатты қыз-өмір көркі

Автор: bestobe_mektep от 18-02-2019, 08:07, посмотрело: 2 982

0 «Бестөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір  заңдылықтарын
білуге үйрету;оқушының    руханибілімін байыту, логикалық ойын дамыту мақсатында 5-11 сынып оқушылары арасында «Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылып өтті. Тақырып аясында баяндама оқылып, талқыланды. Сонымен қатар оқушылар екі топқа бөлініп «Жалғасын тап,Ойланайық пікірлесейік» атты  кезеңдерін талдап, өз ойларын ортаға салып белсене араласты.
«Жүректен жүрекке» кезеңі бойынша  ибалы ұл мен инабатты қыз болу үшін қандай тәрбиені ұстану керек екендерінұғынды. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.

Ибалы ұл, инабатты қыз-өмір көркі

 

Ибалы ұл, инабатты қыз-өмір көркі

 

Ибалы ұл, инабатты қыз-өмір көркі

 

Категория: Ақпарат

 

"Жыл мұғалімі-2019"

Автор: bestobe_mektep от 14-02-2019, 14:43, посмотрело: 2 278

0

Категория: Ақпарат

 

Қазақтың ұлттық ойындары

Автор: bestobe_mektep от 11-02-2019, 08:02, посмотрело: 3 181

1

Категория: Ақпарат

 
 
 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine