"Тәуелсіз ел-мәңгілік тіл" атты тақырыпта қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндер апталығы.

Автор: bestobe_mektep от 23-11-2021, 01:46, посмотрело: 1 119

0
Қорытынды  
        Пән апталығының іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді. "Тәуелсіз ел-Мәңгілік тіл" тақырыбында аптаның ашылуы болып өтті
Әдеби монтаж, ертегілерден үзінді қойылып, ән-бимен жалғасын тапты. Жоспарға сәйкес 5 сыныпта Ы.Алтынсариннің "Қыпшақ Сейітқұл" атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді. Сабақ өз дәрежесінде өтіліп, "Үздік сабақ" баға берілді.Сонымен қатар Ұлы даланың тұлғалары аясында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай 5-10 сыныптар арасында конференция сабақ ұйымдастырылып, сабақ мектеп кітапханашысы Г.Балтабаеваның кіріспе сөзімен басталды. Білім алушылар ақын, жазушы, этнограф, ғалым, ағартушылар оқырмандар болып бөлініп ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің сан қырын зерттеп өз ойланын ортаға салды.Ы.Алтынсарин атамыздың "Шапқан озар жатқан қалар"-деген нақыл сөзін ескере отырып, конференция сабақтан көп мағұлматтар алды. "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты мақал-мәтел сайысына оқушылар жоғары белсенділік танытты. Ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ болып өтті. 
Ашық сабақ 5 сыныпта "Сын есімнің салыстырмалы шырайлары" тақырыбында жоғары деңгейде өткізілді. Сабақта оқушылар ағылшын тілінде ауыз екі сөйлеу дағдыларының деңгейін көрсетті. Ашық сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысты. Апталық "Көңілді ағылшын тілі" атты іс шарамен аяқталды. Іс-шарада оқушылар ағылшын тілінде өлең, тақпақ, ән-би және ертегі қойылымдарын ортаға салды. 


































Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

"МИФ әлемі" атты математика, физика және информатика пән апталықтары

Автор: bestobe_mektep от 16-11-2021, 01:34, посмотрело: 1 136

0
Анықтама

05.11-20.11.2021 ж аралығында "МИФ әлемі" атты математика, физика және информатика пәндерінен апталық өтті.
Апталық барысында "МИФ әлемі" апталығының ашылуы өткізіліп,ұстаздар мен оқушыларға апталық жоспарымен таныстырылды.Математика пәні мұғалімі Ж.Тұрсынбүбі 5-сыныпқа "Бөлімдері бірдей жәй бөлшектерді қосу және азайту", Құрманбаева Дариға "Рационал сандарды бөлу" тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Информатика пәнінің мүғалімі Б.Жасыбек "Информатика әлемінде" атты интелектулады сайыс өткізді.Сонымен қатар 5-10 сыныптар арасында "МИФ патшалығы" атты интеллектуалды сайыс өтті. Апта соңында МИФ әлемі апталығының қорытынды кеші өткізілді. Кеш соңында оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Укибаева апталықты қорытындылап, белсенділік танытқан оқушылар мен сыныптарды марапаттады.







Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар