"Балауса" лагерінің ашылуы

Автор: bestobe_mektep от 5-06-2019, 07:33, посмотрело: 3 285

205                                          «Бестөбе  орта мектебі мектепке дейінгі шағын              
                                                    орталығымен»коммуналдық  мемлекеттік                                                                               
                                                   мекемесінде  өткізілген «Балауса»
                                                    жазғы сауықтыру лагерінің
                                                    өткізілуі жөнінде
 
Анықтама
 
2019 жылдың маусым айының 3–нен 15-не  дейінгі аралықта мектептің 1-6 сынып оқушылары «Балауса» атты жазғы сауықтыру лагерінде демалды.  
Лагерь жұмыстарын жүргізу үшін үш бөлме таңдалынып алынды. Оның ішінде ойын, үйірме  спорт бөлмелері бар. Аталып өткен бөлмелер ақталып, тазартылып, қажетті құрал-жабдықтармен, жиһазбен жабдықталды, тиісінше суреттермен, шарлармен безендірілді. Тәрбиешілер мен лагерь қызметкерлерінің көмегімен бөлмелер уақытында дайындалған еді. Аталып өткен ойын бөлмесінде балалар көп, әрі қызықты уақыттарын өткізді. Тәрбиешілермен түрлі ойындар ойнап, іс-шараларға белсенді қатысты. Үйірмелер бөлмесінде демалушылармен үйірме жұмыстары өткізіліп, балалар қызығушылықтары бойынша іс-әрекеттермен айналысты.
 
3 маусым күні лагерьдің ашылу салтанаты мен балалар құқығын қорғау күніне  орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттен кейін оқушылар табиғат аясына демалуға шықты. Түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады.
Мектептің медицина қызметкері де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылып,  жазғы демалыс кезіне оқушылар денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша сауықтыру бағдарламасын құрастырғандықтан, лагерь кезінде оқушылармен әңгімелер, сабақтар өткізді. Күнделікті «С» дәруменін беріп, таза ауаға шығарып, сумен шомылдыру арқылы суыққа төзімділіктерін арттырды.
Мектеп асханасында балалар күнделікті пайдалы, әрі дәмді тағамдармен тамақтанды. Асхана балаларды хош иістермен, тазалықпен қарсы алып отырды.
  Лагерь қызметкерлері өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, қызметтерін тиянақты орындады. 
 

"Балауса" лагерінің ашылуы

 

"Балауса" лагерінің ашылуы

 

"Балауса" лагерінің ашылуы

 

Категория: Ақпарат