Мен отбасымды мақтан тұтамын

Автор: bestobe_mektep от 12-09-2019, 00:18, посмотрело: 8 090

151 Мектебімізде 7-8 сынып арасында психологиялық тренинг болып өтті. Мақсаты: оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге , мақтан етуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға тәрбиелеу. 

Категория: Ақпарат

 

"Балауса" лагерінің ашылуы

Автор: bestobe_mektep от 5-06-2019, 07:33, посмотрело: 3 285

205                                          «Бестөбе  орта мектебі мектепке дейінгі шағын              
                                                    орталығымен»коммуналдық  мемлекеттік                                                                               
                                                   мекемесінде  өткізілген «Балауса»
                                                    жазғы сауықтыру лагерінің
                                                    өткізілуі жөнінде
 
Анықтама
 
2019 жылдың маусым айының 3–нен 15-не  дейінгі аралықта мектептің 1-6 сынып оқушылары «Балауса» атты жазғы сауықтыру лагерінде демалды.  
Лагерь жұмыстарын жүргізу үшін үш бөлме таңдалынып алынды. Оның ішінде ойын, үйірме  спорт бөлмелері бар. Аталып өткен бөлмелер ақталып, тазартылып, қажетті құрал-жабдықтармен, жиһазбен жабдықталды, тиісінше суреттермен, шарлармен безендірілді. Тәрбиешілер мен лагерь қызметкерлерінің көмегімен бөлмелер уақытында дайындалған еді. Аталып өткен ойын бөлмесінде балалар көп, әрі қызықты уақыттарын өткізді. Тәрбиешілермен түрлі ойындар ойнап, іс-шараларға белсенді қатысты. Үйірмелер бөлмесінде демалушылармен үйірме жұмыстары өткізіліп, балалар қызығушылықтары бойынша іс-әрекеттермен айналысты.
 
3 маусым күні лагерьдің ашылу салтанаты мен балалар құқығын қорғау күніне  орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттен кейін оқушылар табиғат аясына демалуға шықты. Түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады.
Мектептің медицина қызметкері де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылып,  жазғы демалыс кезіне оқушылар денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша сауықтыру бағдарламасын құрастырғандықтан, лагерь кезінде оқушылармен әңгімелер, сабақтар өткізді. Күнделікті «С» дәруменін беріп, таза ауаға шығарып, сумен шомылдыру арқылы суыққа төзімділіктерін арттырды.
Мектеп асханасында балалар күнделікті пайдалы, әрі дәмді тағамдармен тамақтанды. Асхана балаларды хош иістермен, тазалықпен қарсы алып отырды.
  Лагерь қызметкерлері өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, қызметтерін тиянақты орындады. 
 

"Балауса" лагерінің ашылуы

 

"Балауса" лагерінің ашылуы

 

"Балауса" лагерінің ашылуы

 

Категория: Ақпарат

 

1-мамыр Халықаралық бірлік күні

Автор: bestobe_mektep от 2-05-2019, 13:59, посмотрело: 4 438

51 «Бестөбе орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі  күніне орай «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан!» тақырыбында    мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында 1-11 сынып оқушылары арасында әр ұлттың тарихын  насихаттай отырып, салт –дәстүріне  арналған  видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар әр ұлттың биін билеп, көңілді көріністер көрсетілді. Балапан шағын орталығының бүлдіршіндері көрермен қауымына тамаша көңіл күй сыйлады. Атап айтсақ орыс , үнді билерін билеп қошеметке бөленді.  

1-мамыр Халықаралық бірлік күні

 

1-мамыр Халықаралық бірлік күні

 

1-мамыр Халықаралық бірлік күні

 

1-мамыр Халықаралық бірлік күні

 

Категория: Ақпарат

 

"Мен өз елімнің патриотымын" көңілді тапқырлар клубы

Автор: bestobe_mektep от 25-04-2019, 20:11, посмотрело: 3 582

34 «Бестөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 
Мектебімізде жоспарға сәйкес патриот айлығы ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтсақ «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында 5–10 сыныптар аралығында (КТА) Көңілді тапқырлар алаңы болып өтті. 5-10 сынып оқушылары төрт командаға бөлінді. І топ  Қулықтау қырандары, ІІ топ Жерұйық Шыбышым, ІІІ топ Жерұйық  ІҮ Жастар. Көңіді тапқырлар алаңы мағыналы, әрі тартымды болды. Қулықтау қырандары бас жүлдені, Жерұйығым Шыбышы І орын, Жерұйық ІІ орын, Жастар ІІІ орындарды  жеңіп мақтау қағаздарымен марапатталып көрермен қауымына тамаша көңіл –күй сыйлады.

"Мен өз елімнің патриотымын" көңілді тапқырлар клубы

 

"Мен өз елімнің патриотымын" көңілді тапқырлар клубы

 

"Мен өз елімнің патриотымын" көңілді тапқырлар клубы

 

"Мен өз елімнің патриотымын" көңілді тапқырлар клубы

 

Категория: Ақпарат

 

"Ғарыш әлеміне саяхат"

Автор: bestobe_mektep от 12-04-2019, 19:32, посмотрело: 4 051

40

Категория: Ақпарат

 
 

«Абай –дара, Абай-дана қазақта »

Автор: bestobe_mektep от 11-04-2019, 04:04, посмотрело: 15 455

45 «Бестөбе орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 
            2019 жылдың 10 сәуірінде  мектепішілік  «Абай –дара, Абай-дана қазақта » атты конференция сабақ өтілді. Сабаққа 5-7 сынып білім алушылары қатысты. 
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. 
Сайыс үш бөлімнен тұрды 
І бөлім «Кім көп біледі? » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу. 
ІІ бөлім «Білгің келсе алдымен, зертте мені» Бұл бөлімде білім алушылар  Абайдың 45 қара сөзінен біреуін жатқа айтып, оның мағынасын түсіндіріп беруі керек. 
ІІІ бөлім «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» жас дарындылар өз сезімдерін жырмен жеткізуге талпынды. 
       Білім алушылар ақын өмір жолы, шығармашылық еңбектері туралы компьютерлік таныстырылыммен таныстырылды. 
Білім алушылар Абайдың шығармаларын мәнерімен нақышына келтіріп оқыды. Қара сөздері философиялық ойдың тереңдігін және әдеби сөздерді қолданудың үздік үлгісі екені айрықша айтылды. 
     Сабақ  қорытындысы бойынша  5-7-8 сынып оқушылары белсенділік танытты.

 

«Абай –дара, Абай-дана қазақта »

 

«Абай –дара, Абай-дана қазақта »

 

«Абай –дара, Абай-дана қазақта »

 


Категория: Ақпарат

 

«22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

Автор: bestobe_mektep от 1-04-2019, 07:06, посмотрело: 31 143

228  
            Мектеп бойынша лездемеде «Ұлыстың Ұлы күні, Наурыз» мейрамына байланысты «Ұлы дала еліне» саяхаттау мақсатында мерекелік іс-шаражоспары жасалып бекіттірілді.Наурыз мерекесі іс-шарасы бойынша  ауыл –ауылға бөлініп, «Рухани жаңғыру» аясында «Ұлы дала еліне» саяхаттау барысында мектептегі «Балапан» шағын орталығы «Қызғалдақ пен алма» ауылы ата-аналар сайысымен «Бесікке бөлеу» салтын көрсетсе, 1-4 сыныптар арасында (Атқа міну), «Сәйгүліктер» ауылы «Атқа міну» әдісін насихаттай отырып, «Тұсау кесу» салт-дәстүрінен көрініс көрсетіп ән-билерін  шашу етті, ал 5-7  сыныптар  «Ұлы Жібек жолы» ауылыН.Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау барысында, ұлттық билермен әндер айтылып «Сүндеттеу» салтын көрініс көрсетті, 8-11 сыныптар «Алтын адам» ауылына саяхаттап, салт –дәстүрлерден көрініс көрсетіп, ұлттық тағамдар,наурыз көже таратылып ата-аналармен оқушылар белсене қатысты.Мереке барысында ұлттық ойындар,атап айтсақ «арқан тартыс, асық ату,  қол күрес, қазақша күрес» ойнатылып  жеңімпаздар марапатталды.
«Ұлыстың – ұлы күні» тақырыбында  Наурыз тойы тойланып мерекелік концерт қойылып қонақтар ризашылығын білдірді.

«22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

 

«22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

 

«22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

 

«22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

 

Категория: Ақпарат

 

"Қыз-ұлт болашағы"

Автор: bestobe_mektep от 9-03-2019, 20:25, посмотрело: 3 974

38 "Бестөбе орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 5-10 сынып аралығында көктем аруы байқауы болып өтті. Байқау төрт кезең тұрды. Таныстыру, қол өнер, ас мәзірі, және киім үлгісі. Әділқазы алқалары әділ бағаларын беріп бағалады. Атап айтсақ 8 сынып оқушысы Әбеу Аружан бас жүлдені жеңіп алса, 7 сынып оқушысы Амангелді Мархабат, Нұрдан Балауса, Қанатқызы Дианалар  ізденімпаз, өнерлі, сымбатты номинацияларды жеңді. 

[attachment=1]

 

"Қыз-ұлт болашағы"

 

"Қыз-ұлт болашағы"

 

"Қыз-ұлт болашағы"

 

"Қыз-ұлт болашағы"

 

 

Категория: Ақпарат

 
Назад Вперед