Қазақстан халқы тілдері күні және А.Байтұрсынұлының туған күнінне орай мектепшілік іс шара

Автор: bestobe_mektep от 7-12-2022, 02:59, посмотрело: 89

0         "Бестөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан халқы тілдері күні және А.Байтұрсынұлының туған күнінне орай мектепшілік іс шара жасалынып,бекіттірілді. Атап айтсақ «Тіл тағдыры -ел тағдыры» тақырыбында 5-9 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Тарих пәнінің мұғалімі Н.Карашалава Қазақ тілі-мемелекеттік тіл, өз ана тілдерін құрметтеу, дәріптеу туралы өз ойын айтып өтті.
Қазақ тілі-менің ана тілім» тақырыбында оқушылар Кітапханаға саяхат жасалды.
Қазақ тілі пәні мұғалімі Э.Шеримованың ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» атты әдеби кеш өткізілді.Әдеби кеште А.Байтұрсынұлының шығармашылығы,кітаптары ,ғылыми еңбектері туралы мағлұматтар берілді. Әдеби кеште Ахмет атамыздың өлеңдерінен көркем сөз оқылды. «Қасқыр мен қозы» мысалынан, «Анама хат» өлеңінен сахналық қойылымдар көрсетілді.
Ахмет Байтұрсынұлы -қазақ ән күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым,шебер домбырашы әнші болған.Халық әндерін күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да тілген.Кеш барысында әндері айтылып насихатталды.
 ​​​​






Категория: Іс-шаралар

 

1 қазан қарттар күніне байланысты қарттарға көмек көрсету

Автор: bestobe_mektep от 30-09-2022, 09:02, посмотрело: 89

0 "Бестөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 қазан қарттар күніне байланысты "Қарты бар үйдің қазынасы бар"тақырыбында 8-9-11 сынып оқушылары Ауылымыздағы қарт ата, әжелерімізге барып ,көмектесіп, батасын алып,өсиеттер тыңдап қайтты.Мұндай игі істер жалғасын таппақ.








Категория: Әкімшілік / Іс-шаралар / Оқушыларға

 

Президент сайлауы

Автор: bestobe_mektep от 15-09-2022, 06:14, посмотрело: 97

0

Категория: Іс-шаралар

 

1 Қыркүиек Білім күні

Автор: bestobe_mektep от 2-09-2022, 00:56, посмотрело: 87

0

                                                                           Анықтама

     «Бестөбе  орта   мектебі   мектепке  дейінгі   шағын  орталығымен» коммуналдық  мемлекеттік    мекемесі  бойынша  1 қыркүйек –Білім  күніне   орай «Сыңғырла,  алғашқы  қоңырау!» атты  салтанатты   шара  болып  өтті.         Бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауға арналған  әдеби   монтаждары, өлендері   өнерлері  тамашаланып, салтанатты шарада «Әліппе» алғашқы оқулығын   табыстаумен санитарлық нормаларды сақтай отырып, таза ауада, мектеп ауласында өткізілді. Іс-шараға және   тәрбие  сағатына бір  ата-анадан   қатыстырылды. 2-11 сыныптарда 1 қыркүйекте Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері», «Кел,  балалар,  оқылық!», «Тәуелсіздік жылдарындағы  жетістіктер»,  «Елімнің   бақытын  тербеткен  Тәуелсіздікке – 31 жыл» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарға  сай  жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығы аясында  мемлекетіміздің даму тарихы, жеткен жетістіктері  туралы  отандық телеарналар, видеоматериалдар мен ресми ақпараттар әзірленіп, мектеп   оқушыларына ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін ұғындырып, олардың бойында  патриоттық сезім қалыптастыруда, дамытуға зор маңызға ие болды.

Материалдар мазмұны бойынша Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы тарихи рөлі, көреген саясаты және жасампаз қызметі туралы, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы аса ірі оқиғалар мен мемлекет тарапынан атқарылған іс-шаралар, еліміздің егемендігі мен біртұтастығының басты атрибуттары туралы, Түркістанның қазіргі жаңа келбеті және оның болашағы туралы, туған жердің қадір-қасиеті туралы  бағыттарды қамтыды.

Түсіндіру жұмысын жүргізу, жаңа оқу жылында оқушыларды оқытудың ерекшеліктері туралы ақпараттандыру, жаңа жағдайда оқытудағы мектеп және отбасының өзара іс-қимылын анықтау мақсатында «Жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында ата-аналар жиналысын онлайн форматта өткізілді. Ата-аналарға оқу жылындағы оқыту форматына байланысты, әр білім мекемесінің дайындығы туралы барлық сұрақтарына жауап берілді.

Сонымен қатар оқушылар мектеп формасымен талапқа сай қою түсті киіммен және классикалық үлгіде келуін қамтамасыз етілді. 1 қыркүйек  Білім күні «Сыңғырла,  алғашқы  қоңырау!» атты іс-шара талапқа сай ұйымдастырылып өткізілді. 









Категория: Іс-шаралар

 

9-11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестацияға дайындау жұмыстары жүргізіліп отыр.

Автор: bestobe_mektep от 14-05-2021, 19:40, посмотрело: 2 426

8

   9-11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестацияға дайындау жұмыстары жүргізіліп отыр. Облстық, аудандық бұйрықтарды басшылыққа ала отырып мектепшілік бұйрық шығарылып, жоспары жасалынды.  Қорытынды аттестацияға кіретін пәндерден қосымша сабақ жоспары жасалынып,қосымша сабақ өткізілуде.


Категория: Әкімшілік / Мұғалімдер / Іс-шаралар / Оқушыларға

 

Судағы қауіпсіздік ережелерімен оқушыларға түсіндірме жұмыстары

Автор: bestobe_mektep от 13-05-2021, 19:33, посмотрело: 1 809

2

        Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар  министрлігінің «2021 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы»№150 бұйрығын Алматы облысы Білім басқармасынының Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің №40 бұйрығын басшылыққа ала отырып ,іс-шара жоспары жасалынып бекіттірілді. Жүзуге оқытуды ұйымдастыру бойынша дене тәрбиесі мұғалімдері сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп  «Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында  теориялық сабақтар өтті.


Категория: Әдістемелік жұмыстар / Әкімшілік / Мұғалімдер / Іс-шаралар / Оқушыларға

 

Суға шомылуға болмайтыны жайында ескертпе қойылды.

Автор: bestobe_mektep от 12-05-2021, 19:39, посмотрело: 1 875

2

 Ауылымызға 3,5 шақырымда орналасқан «Бестөбе»  жасанды су қоймасының болуына байланысты су бойына   адамдардың суға шомылуға болмайтыны жайында ескертпе қойылды. 

Категория: Мұғалімдер / Іс-шаралар / Оқушыларға / Ата-аналарға

 

Мектебімізде ыстық тамақ ішетін оқушылар толығымен талапқа сай қамтылған

Автор: bestobe_mektep от 11-05-2021, 19:25, посмотрело: 1 941

1


Мектебімізде ыстық тамақ ішетін оқушылар тізімі жасалынып, күнделікті  әлеуметтік педагог Н. Муратованың қадағалауымен  өз уақытында   талапқа сай оқушыларға ыстық тамақ беріледі.

Категория: Әдістемелік жұмыстар / Әкімшілік / Іс-шаралар

 

9 мамыр. Жеңіс күні.

Автор: bestobe_mektep от 9-05-2021, 19:00, посмотрело: 21 941

438



Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Категория: Әдістемелік жұмыстар / Іс-шаралар / Оқушыларға

 
Назад Вперед