Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек білім күні!

Автор: bestobe_mektep от 2-09-2023, 03:54, посмотрело: 73

0

Анықтама

      «Бестөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ  бойынша  1 қыркүйек – Білім  күніне орай  «Мектебім – мейірім мекені!» атты  салтанатты  шара  болып өтті. Жылдағы әдет бойынша ҚР мемлекеттік әнұраны орындалып, мемлекеттік туымыз құрметпен кіргізілді. Алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Әлиев Бақберген Төлендіұлына берілді. Ата-аналар, келген қонақтар, оқушылар, мектеп ұжымының алдында өткен жылда оқушылар мен мұғалімдердің жеткен жетістіктері туралы және жаңа оқу жылында атқарылатын іс-шаралар туралы толық баяндады. 

      Алғашқы қоңырау мерекесі барысында мектеппен сағына қауышқан оқушылар жиналған халық алдында өз өнерлерін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары өз әндерін арнап жаңа оқу жылына үлкен қызығушылықпен қадам басты. 

      Іс-шарамызға ардагер ұстаздарымыз Тәжібаев Есмағанбет, Умбеталиева Сұлухан, Әлиева Базархан қатысып, жүрек жарды ақ тілектерін білдірді.

      Қоңырауды сыңғырлата келген, ақ ниеттерімен мектеп табалдырығын аттаған 1- сынып оқушыларымыз өз сынып жетекшілерімен дайындаған алғашқы өлең шумақтарын айтты. Балаларының қуанышына келген ата- аналарға да сөз берілді. 

     Іс-шара соңында ҚР мемлекеттік туы ортадан шығарылып, әнұран орындалдып мереке өз мәресіне жетті. 

      1 қыркүйек Білім күніне орай сынып жетекшілері оқушыларымен тәрбие сағаттарын өткізумен жалғастырды.










Категория: Іс-шаралар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив