14 наурыз – Көрісу күні

Автор: bestobe_mektep от 15-03-2021, 01:11, посмотрело: 1 401

4



14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күні еліміздің батыс өңірлері Наурыз мейрамының басы Көрісу мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Халық қыстан аман – есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс – туған, көрші  -көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір – біріне деген араздық, өкпе –ренішті ұмытып, амандық тілейді. 14 наурыз  мейрамында екі дүниенің мазмұны қосарланып тұр: бірі – қазақша Жаңа жыл, екіншісі – Күн мен түн теңеседі. Осыған орай, мектебімізде Көрісу күніне орай «Амал мерекесі» тақырыбында мектеп үлкендерімен, ұстаздарымен. Оқушылармен  көрісіп, бір – біріне амандық, саулық тіледі. 

Категория: Іс-шаралар