«Қамқорлық» акциясы

Автор: bestobe_mektep от 2-02-2019, 09:21, посмотрело: 2 168

0 «Бестөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 28 қаңтары күні  ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2019 жылғы  № 11-н бұйрығын орындау  мақсатында «Балаға мейірім сыйла» тақырыбында «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Сонымен қатар, білім беру ұйымында жоспарға сәйкес  сабақты себепсіз қалдыратын, материалдық жағдайы төмен отбасында тұрып жатқан балалар, аз қамтылған отбасы  балалары, жартылай жетім, мүгедек балалар анықталып зерттеу актілері жүргізілді. 
«Қамқорлық» акциясына ата –аналар, мектеп ұжымы, демеуші-кәсіпкрлер, Қамқоршылық кеңес мүшелері шақырылып, өз тараптарынан қайырымдылық шараларын жасады. Атап айтқанда, зейнеткер ұстаздар Оразалиев Ақан, Мәсімбаева Шахан, Тажибаев Есмағанбет, Әлиева Базархан, кәсіпкерлер Сауранбаева Мария, Тынаева Сауле, ардақты аналар Қызаева Күлсімхан, Мырзатова Кулсара, Жексенбиева Тойымхан, Теміржанова Хадиша, Балтабаева Гаухар тағы басқа қайырымды жандар өз көмектерін көрсетті. Акцияға мектеп ұжымы да біркісідей ат салысып, өз үлестерін қосты.  Акциядан түскен қаражатқа әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар мектепке қажетті оқу құралдарымен, аяқ киімдермен   қамтамасыз етілді.  Шара соңы мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты. Қайырымдылық істердің ұйытқысы ардагер ұстаздар мен ата-аналарға мектеп ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.

 «Қамқорлық»  акциясы

 

 «Қамқорлық»  акциясы

 

Категория: Ақпарат

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив