"Поэзия тұлпары- Мұқағали Мақатаев"

Автор: bestobe_mektep от 31-01-2022, 23:52, посмотрело: 1 198

0
АНЫҚТАМА

   Дәстүрге арналған мереке Мұқағали Мақатаев - ғасыр ақынының 91 жылдығына орай мектебімізде айлығы болып өтті. Мектепшілік жоспары жасалып, бекітілді. Әр күннің үлкен қоңырауында Мұқағалидың өмірі мен шығармашылықтарын таныстыра отырып, бейне роликтер көрсетілді. Оқушылар арасында сурет байқауы және газет шығару байқауы өтті. Сонымен қатар оқушар арасында шығармашылық жұмыстар жүргізілді, 9-сынып оқушысы Тұрғынбай Жұлдыз, Нұрдан Балауса 6-сынып оқушысы Бейсенқұл Анель, Әбдіш Назерке. "Бүгін менің туған күнім, ой пәле-ай" атты тақырыпта мектепшілік әдеби сазды кеш ұйымдастырылып өтті. Кеш барысында әндер айтылып, поэмаларынан көріністер көрсетілді. 
Сонымен қатар тіл мамандардың ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқау болып өтті. Байқауға 17 оқушы қатысты. Байқау нәтижесінде:
1 орын: иеленген Сатыбалды Бинур, Төленді Нұртілеу
2 орын: Тұрсынақын Еңлік, Болатхан Жұлдызай
3 орын: Амангелді Мархабат, Бейсенқұл Анель 







Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Неделя русского языка и литература

Автор: bestobe_mektep от 17-01-2022, 18:11, посмотрело: 1 209

0

АНЫҚТАМА

    Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз –тіл.«Адамға екі нәрсе тірек теші,бірі тіл, бірі-ділің» жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттңғ, елдің ең негізгі рәмізіде, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар.

Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында және әр тілдің өзіндік ерекшелігімен мағызына түсіндіру мақсатында мектебімізде орыс тілі пәні бойынша 17.01-24.01.2022 жыл аралығында "МЫ ЛЮБИМ ЛИТЕРАТУРУ И ИЗУЧАЕМ ВЕЛИКИЙ РУССКИЙ ЯЗЫК"  тақырыбында апталық өткізілді. Орыс тілі пәніне арналған апталық жоспары құрылып, бекітіліп, іс-шара жұмыстары ұйымдастырылды. Апталықтың негізгі мақсаты гуманитарлық пәндерде спиральды оқуды іске асыру болып табылды. Апталықты ашу мақсатында гуманитарлық пән бірлестігінің жетекшісі Э.Шермиова мен орыс тілі пәнінің мұғалімдері К.Нурпеисова мен А.Балгабековалар тілдің маңыздылығын түсіндіріп, апталыққа қатысуға оқушыларды шақыру мақсатында видеомонтаж жасап көрсетілді. «Занимательный русский язык» тақырыбында  1-11 сыныптар аралығында кітаптар көрмесі өткізілді. Іс-шараны мектебіміздің кітапханашысы Г.Балтабаева өткізді. 1 Интерактивная игра «Миллион сказок детям (по русским народным сказкам)» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында ойындар өткізілді. Жетекшісі орыс тілі пәнінің мұғалімі К.Нурпеисова және А.Балгабекова 2.Игра – путешествие «Знатоки русского языка» 5-6 сыныптар аралығында сыныптан тыс сабақтар өткізілді. 3 Лингвистическая игра «Грамматическое лото» 7-8 сыныптар аралығында сабақтар өткізіліп  фейсбук, инстаграм парақшаларына жарияланды.

«Что такое цивилизация»  тақырыбында 6 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді. Жетекшісі орыс тілі пәнінің мұғалімі К.Нурпеисова 1.Открытый урок «Устное народное творчество» тақырыбында 10 сынып оқушылары мен ашық сабақ өткізілді. Жетекшісі А. Балгабекова. «Живая планета» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді. Жетекшісі К.Нурпеисова. Сонымен қатар 8-9 сынып оқушыларымен «Фразеологизмы в картинках» тақырыбында қабырға газеті шығарылды.






Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 
 
 
 

"Тәуелсіз ел-мәңгілік тіл" атты тақырыпта қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндер апталығы.

Автор: bestobe_mektep от 23-11-2021, 01:46, посмотрело: 1 214

0
Қорытынды  
        Пән апталығының іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді. "Тәуелсіз ел-Мәңгілік тіл" тақырыбында аптаның ашылуы болып өтті
Әдеби монтаж, ертегілерден үзінді қойылып, ән-бимен жалғасын тапты. Жоспарға сәйкес 5 сыныпта Ы.Алтынсариннің "Қыпшақ Сейітқұл" атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді. Сабақ өз дәрежесінде өтіліп, "Үздік сабақ" баға берілді.Сонымен қатар Ұлы даланың тұлғалары аясында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай 5-10 сыныптар арасында конференция сабақ ұйымдастырылып, сабақ мектеп кітапханашысы Г.Балтабаеваның кіріспе сөзімен басталды. Білім алушылар ақын, жазушы, этнограф, ғалым, ағартушылар оқырмандар болып бөлініп ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің сан қырын зерттеп өз ойланын ортаға салды.Ы.Алтынсарин атамыздың "Шапқан озар жатқан қалар"-деген нақыл сөзін ескере отырып, конференция сабақтан көп мағұлматтар алды. "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты мақал-мәтел сайысына оқушылар жоғары белсенділік танытты. Ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ болып өтті. 
Ашық сабақ 5 сыныпта "Сын есімнің салыстырмалы шырайлары" тақырыбында жоғары деңгейде өткізілді. Сабақта оқушылар ағылшын тілінде ауыз екі сөйлеу дағдыларының деңгейін көрсетті. Ашық сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысты. Апталық "Көңілді ағылшын тілі" атты іс шарамен аяқталды. Іс-шарада оқушылар ағылшын тілінде өлең, тақпақ, ән-би және ертегі қойылымдарын ортаға салды. 


































Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

"МИФ әлемі" атты математика, физика және информатика пән апталықтары

Автор: bestobe_mektep от 16-11-2021, 01:34, посмотрело: 1 244

0
Анықтама

05.11-20.11.2021 ж аралығында "МИФ әлемі" атты математика, физика және информатика пәндерінен апталық өтті.
Апталық барысында "МИФ әлемі" апталығының ашылуы өткізіліп,ұстаздар мен оқушыларға апталық жоспарымен таныстырылды.Математика пәні мұғалімі Ж.Тұрсынбүбі 5-сыныпқа "Бөлімдері бірдей жәй бөлшектерді қосу және азайту", Құрманбаева Дариға "Рационал сандарды бөлу" тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Информатика пәнінің мүғалімі Б.Жасыбек "Информатика әлемінде" атты интелектулады сайыс өткізді.Сонымен қатар 5-10 сыныптар арасында "МИФ патшалығы" атты интеллектуалды сайыс өтті. Апта соңында МИФ әлемі апталығының қорытынды кеші өткізілді. Кеш соңында оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Укибаева апталықты қорытындылап, белсенділік танытқан оқушылар мен сыныптарды марапаттады.







Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 
 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine